Sunday, 24 November,2024

Денсаулық сақтау министрі баспалдақтан құлап кеткен баланың жағдайы туралы айтты

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Астанадағы баспалдақтан құлап кеткен баланың жағдайына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният журналистердің сұрағына жауап берді. Ол тілшілердің “жедел жәрдем мектепке неліктен жарты сағаттан кейін жетті?” - деген сұрағына былай деп жауап берді.

“Жедел жәрдем станциясына күніне 10 мың қоңырау келіп түседі. Жедел жәрдем қызметінің жеделдігін жедел жәрдем станцияларының диспетчерлері категорияларға қарай жібереді. Станцияға қоңырау келіп түскен кезде бала есін жоғалтпаған деп айтылды, сол себепті жедел жәрдем қызметі жарты сағатта келген. Тексеру нәтижесінен кейін балаға бас сүйек-ми жарақаты диагнозы қойылды. Бүгінгі таңда баланың жағдайы қалыпты және мамандандырылған бөлімде жатыр. Кеше дәрігерлердің конселиумінен кейін бала тез арадағы емдеу шараларына мұқтаж емес. Бала дәрігерлердің бақылауында”, - деп жауап берді министр.

Еске сала кетейік, Астанадағы №14 мектеп оқушысы  баспалдақтан құлап, басы бірнеше жерден зақымданған болатын. Бұл туралы Uaqyt.info бірнеше материал жазды.

 

Ұсынылатын