Saturday, 23 November,2024

Депутат Азат Перуашев марқұм Болат Назарбаевтың бизнестегі «былығын» ашты

Uaqyt.info
Фото

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев дүниеден өткен Болат Назарбаевтың кәсіпкерлерді қалай қанағанын айтып, Бас прокурорға сауал жолдады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Оның айтуынша, 2019 жылы Түркістан облысындағы «Алтын-Бұлақ» шипажайына қарасты гольф клубты СТС ЖШС ашық аукцион арқылы сатып алған.

Перуашев өз сөзінде жаңа қожайындардың шипажайды жөндеуге 4,5 млрд теңгеден астам қаржы құйғанына тоқталды. Алайда сол уақытта шипажайға Болат Назарбаевтың көзі түсіпті.

Кейіннен марқұм гольф клубты меншігіне өткізіп, басқа ЖШС-ға сатып жіберген. Депутат осы мәселеге қатысты өзіне хат жазып, көмек сұраған кәсіпкерлердің мәселесін май шаммен қарап, істің жан-жақты тергелуін талап етіп, прокуратура сауал жолдады.

“Бұл әрекеттің бәрі «Ескі Қазақстанмен күрес» деген желеумен жүргізіліп жатыр. Бұрынғы дәуір символының бірі қайтыс болғаннан кейін де жеңімпаз болып шықты. Осылайша, нарық жағдайында жұмыс істеген адал кәсіпкер тағы да бизнесі мен құйған инвестициясынан айырылып отыр. Бұл біртүрлі қызық күрес болып тұр. «Ақ жол» фракциясы авторлардың уәжін мұқият зерделеу үшін кәсіпкерлердің өтінішін Бас прокурорға жолдайды”, - деді депутат.

Ұсынылатын