Депутат нанның бағасын 500 теңгеге көтеруді ұсынды
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Мейрамбек Дөненбаев нан бағасын 500 теңгеге көтеруді ұсынды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Шынымды айтайын, нан өте арзан. Нанның құны 500 теңгеден кем болмауы тиіс. Мен өзім ауылшаруашылық тауарын өндірушімін. Менің бидайым қазір 100 теңгеден де өтпей жатыр”, – дейді Мейрамбек Дөненбаев.
“Мұндай бағаны халықтың қалтасы көтереді ме?” – деген сұраққа ол былай деп жауап берді.
“Көтереді, әбден көтереді. Қазір кез келген тойханада, кез келген қоқыста тек нан жатады. Өзім нанды 110-120 теңгеден алып жүрмін, сүтті 300-350 теңгеге аламын”, – деді депутат.