Saturday, 23 November,2024

Депутаттар тіл жанашыры Руза Бейсенбайға араша түсті

Uaqyt.info
Фото

Психологиялық орталыққа күштеп жатқызылған Руза Бейсенбайға мәжіліс депутататтары араша сұрады. Бұл туралы депутат Нартай Аралбайұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Бүгінгі күніміз төбемізге жай түсірген тосын ақпаратпен басталды. Қазақ елі құлақтанып үлгерген болар. Қазақ тілінің жанашыры Ruza Beisenbai Tegi Павлодардағы психдиспансерге еркінен тыс жабылғаны ақылға қонымсыз жағдай! Солтүстікте ұлтымыздың жоғын жоқтап жүрген тұлғаға бұлай қысастық қылу елдің қытығына тиюдің қадамы.

Бүгін аталған мәселе бойынша әріптестерім Қазыбек Иса, Ермурат Бапи, Абзал Құспан, Жарқынбек Амантайұлы бастаған депутаттар атынан мемлекеттік органдарға бұл жағдайдың сорақылық екені ескертілді. Министрлік те, облыс басшылығы да депутаттардың алаңдаушылығын естіді.

Жауапты органдардан жағдайды дереу реттеп, тіліміз бен ұлтымыздың жанашыры Роза апамыздың үйіне жақын уақытта оралуын талап етеміз. Жағдай жіті бақылауымызда, - деп жазды депутат.

Ұсынылатын