Депутаттар журналистерге сұхбат беруге міндетті – Ерлан Қошанов
Uaqyt.info
Фото inform.kz
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутаттарға журналистерден қашпай, олардың сұрақтарына ашық жауап беру керектігін ескертті, деп хабарлайды Uaqyt.info.
«Ашықтық ұстанымы Мәжіліс жұмысындағы негізгі басымдық болып қала береді. Біз осы бағыттан айнымаймыз. Бүгінгі жалпы отырыстың өзі республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіліп отыр. Президент те бұл тәжірибенің тиімділігі туралы баса айтқанын білесіздер. Мәжіліске ашық әрі жария түрде қызмет етуге барлық жағдай жасалған. Журналистерге сұхбат беріп, өзекті мәселелер бойынша пікір білдіріп отыру - депутаттардың басты міндеттерінің бірі», - деді Ерлан Қошанов.
Uaqyt.info бұған дейін депутат Ардақ Назаров пен Руслан Берденовтің тілшілерден қашқаны туралы жазған болатын.