Friday, 18 October,2024

Депутаттың мүлкін өртеп жібергендердің кім екені белгілі болды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Алматыда мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің баласының бесік арбасын өртеп жіберген адам ұсталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы депутат өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, қаскөй ізін суытпай ұсталған. Әзірге оның қандай жазаға тартылатынын заңгер ашып айтпады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін  Бақытжан Базарбек белгісіз біреулер отбасына қоқан-лоқы көрсетіп, бесік арбаны өртеп жібергенін айтқан болатын.

Ұсынылатын