«Дикий Арман» мен Қайрат Құдайбергенге қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді
Қаңтар оқиғасында жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген айыппен қамауда отырған Қайрат Құдайберген мен Арман Жұмагелдиевке қатысты қылмыстық іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Алматы қаласы сотының баспасөз қызметі хабарлады. Алайда онда соттың нақты қашан өтетіні айтылмаған.
“Осы жылдың 4 қыркүйегінде қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген күдікпен ұсталған Қайрат Құдайберген мен Арман Жұмагелдиевке (Дикий Арман) қатысты қылмыстық іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді. Әзірге сот отырысының қай күні басталатыны белгісіз, яғни белгіленген жоқ”,- деді баспасөз қызметіндегілер.