Friday, 3 May,2024

Димаш Құдайбергеннің шетелдік жанкүйерлері де Қазақстанға көмектерін жіберіп жатыр

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Аты әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге өз көмектерін беріп жатқан шетелдік жанкүйерлеріне алғысын айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Сәлеметсіздер ме, құрметті ханымдар мен мырзалар! Менің әлемнің түкпір-түкпірінде тұратын тыңдаушыларым Қазақ елі үшін қиын кезеңде гуманитарлық көмек жіберіп жатқандығы туралы ақпарат алдым. Мені және менің елімді әрдайым қолдайтындарыңыз үшін көп рақмет. Мен сіздерді жақсы көремін!", - деді ол бейнежазбада.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген қазір су басқан өңірлерде, халықтың арасында жүр. Ол апаттан келген аймақтарға 1 миллион доллар берген болатын.

Ұсынылатын