- Басты жаңалықтар
- Шоу-бизнес
- "Димашқа ойланбастан кет дедім". Әнші Жеңіс Ысқақова көкейде қалған құпиясын жайып салды
"Димашқа ойланбастан кет дедім". Әнші Жеңіс Ысқақова көкейде қалған құпиясын жайып салды
Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан
Әнші Жеңіс Ысқақова әлемді мойындатқан Димаш Құдайбергенге қатысты бір құпиясын айтты. Бұл туралы "Ұйқым келмейді" жобасында баяндады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Белгілі әнші бағдарламада ұстаздық қызметі мен шәкірттері туралы айтып берген. Сөзінше Димаш оның шәкірті емес.
"Мен сияқты ұстаз жоқ. Бірақ журналистер айтқандай, мен Димаштың ұстазы емеспін. Біреудің еңбегін өзімнің еншіме алғым келмейді. Димаштың ұстазы – Марат Айтымов деген менің досым, Қызылорданың тумасы. Өмірбақи Димаш соның шәкірті ғана болып қалады. Димаш Қазақ ұлттық өнер университетінде оқыған кезде, мен сол университеттегі "Эстрада және вокал" кафедрасының меңгерушісі болдым. Бірақ оған ұстаздық етіп, еңбегім сіңген жоқ. Мен оған тілекші болдым. "Егер шетелден ұсыныстар түсіп жатса, ойланбастан кет" деп Димашқа кеңес айтқаным бар", - дейді әнші.