Sunday, 24 November,2024

Дін жақтаушыларының демі тарыла бастаған ба? Полиция екі ер адамды ұстады

Алмас Абылай
Фото POLISIA.KZ

Алматы мен Түркістанда терроризмді насихаттады деген күдікпен екі ер адам ұсталды. Кейін олардың ел аумағында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымының жақтаушысы екендері анықталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Polisia.kz дерегіне сүйенсек, Алматы қаласының полиция департаменті ҰҚКД-мен бірге терроризм идеяларын насихаттады деген күдіктіні ұстаған. Ол Қазақстан Республикасында тыйым салынған “Хизб-ут-Тахрир әл-Ислами” діни-экстремистік ұйымының жақтаушысы болып шықты.

Сонымен қатар Түркістанда облыстық ПД қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен терроризм идеяларын насихаттады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады. Ер адам Қазақстанда сот шешімімен тыйым салынған “ДАИШ” халықаралық террористік ұйымы идеологиясының жақтаушысы болып табылады.

Күдіктілердің тұрғылықты жерін тінту кезінде діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Ұсынылатын