Saturday, 23 November,2024

Динара Әлжан Ғабидолла Әбдірахымовтың әйелінен кешірім сұрады

Алмас Абылай
Фото Ашық дереккөзден

Әнші әрі актриса Динара Әлжан Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов пен оның әйеліне арнап ән шығарды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ескерту: Материалды көшіріп басуға тыйым салынады! 

Бұл туралы әнші Uaqyt.info тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді. Оның айтуынша, екі күн бұрын жарыққа шыққан жаңа әні Ғабидолла Әбдірахымов пен оның әйеліне арналған екен. Осы арқылы Динара Әлжан олардан кешірім сұрағым келді дейді.

“Бұл Ғабидолла мырзаға арналған ән. Осы ән арқылы ол кісіден және оның әйелінен кешірім сұрағым келеді. Өйткені мен елдің алдында бар шындықты айттым ғой. Ал шындық қай кезде де ашты болатыны анық. Ер адам болғаннан кейін ол кісіден де, менен де қателік кетті. Бірақ мен сұхбатта Ғабидолланы балағаттап, жамандаған жоқпын. Тек қиын сәтте көмек бергенін, жақсылығын ғана айттым. Сол үшін әйелі оны кешірсін. Ат айналып қазығын табады ғой”, - деді Динара Әлжан.  

Әннің сөзін белгілі ақын Қайнар Алагөзов жазған.

Жанымды сезім тербеп

Жүректі сөзің емдеп

Хабарсыз кеттің сен қайда?

Сырыңды жанға ашпай

Ашылған сырдан қашпай

Ашығын айтсаң болмай ма?

 

Ал, мен сүйдім, сені сүйдім,

Сүйдім де отыңа күйдім.

Мен бірақ кешірдім бәрін,

Кешірсе екен әйелің.

 

Сен мені ғашық еттің,

Еттің де жырақ кеттің.

Жанымның болмай қорғаны,

Жерде бол мейлі көкте

Көзіңнің жасын төкпе

Бақытты болсаң болғаны.

Айта кетейік, Динара Әлжанның Youtube-тегі “Уақыт көрсетеді” бағдарламасына берген сұхбаты қоғамда үлкен резонанс туғызған болатын. Онда әнші Болат Назарбаевтың тоқалы және Шымкенттің экс-әкімімен төсектес болғанын ашық айтқан еді. Осыдан кейін Динара Әлжанға қысым да жасалды. Бұл туралы Uaqyt.info бұған дейін бірнеше материал жазды.

 

Ұсынылатын