Thursday, 19 September,2024

Дінде тазалау басталды ма? Шымкентте халықаралық іздеудегі теріс ағым өкілі ұсталды

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Шымкентте халықаралық іздеудегі теріс діни ағым өкілі ұсталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 32 жастағы көрші елдің азаматын құрықтады. Өзбекстан Республикасында ірі көлемде ұрлық жасап, тергеу мен соттан қашып жүрген ер адам қала аумағындағы көшелердің бірінде қолға түсті.

Қабылданған шұғыл шаралардың нәтижесінде Шымкент полицейлері халықаралық іздеудегі күдіктіні 2 ай ішінде іздеп тапты.

Тәртіп сақшылары ел аумағында заңсыз жүргенін және теріс діни ағымды ұстанушылардың қатарынан екенін анықтады.  Қазіргі таңда шетелдік қамауда. Оны Өзбекстан Республикасына экстрадициялау жұмыстары жүргізілуде.

Ұсынылатын