Sunday, 8 December,2024

Домбыра тарту күнә ма? Имамдар не дейді?

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

“Домбыраны харам” деген орамалдағы қыздың видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланған болатын. Қазақтың ұлттың аспабына қатысты белгілі дінтанушы Нұрлан Байжігітұлы пікір білдірді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Жалпы, қазір сондай болып кетті. Кейбір адамдарымыз шектен шығып, дінді теріс түсініп, өзінің ойына салып түсініп, салтымызды, санамызды, талай ғасырдан бері келе жатқан құндылықтарды аяққа таптап, домбыраны арам деп, оған тіл тигізіп жүр. Кезінде Абайды адасқан, Шәкәрімді шатасқан деп те айтты. Содан өттік пе дегенде, шетелдің, басқа да мемлекеттердің көшеде жүрген уағызшыларын тыңдағаннан туған үлкен қателік бұл. Біз осымен ел болып, халық болып, күресуіміз керек. Жастар болып күресуіміз керек. Халқымыздың салт-дәстүрін сақтап қалуымыз керек. Домбыра, қырғыздың қомызы - бұл ұлттық аспаптарымыз. Керек десеңіз, діннің насихатталып, имандылықтың таралуына, сабырдың орын алуына, ата-ананы құрметтеуге алып келген бұл аспаптар. Себебі ата-бабаларымыз мұны жырмен, термемен жеткізген. Дәрежесі - ұлық. Сондықтан "нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра”, – деді Нұрлан Байжігітұлы.

Ұсынылатын