Домбырада ән салған даяшы көптің тағдайын қақтырды
Әлеуметтік желіде ән салған даяшының видеосы қызу талқыланып жатыр. Әнші жігіттің кім екені әзірге белгісіз, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Ғаламторда тараған видео желі қолданушыларының арасында қызу талқыланып жатыр. Онда даяшы жігіттің қонақтардың алдында домбырада ән салғанын көруге болады. Қазақтың “Көзіңнің мөлдірін-ай” әнін орындаған азаматтың кім екені әзірге белгісіз. Бейнежазбаның қашан және қай жерде түсірлгені туралы да нақты ақпарат жоқ. Интернет қолданушылары даяшы жігітке түрлі пікірлер жазып жатыр.
“Өнерің өрге жүзсін”, “Қазақтың өнерлі жігіттері жасай берсін”, “Болашақ жұлдыз”, “Мына жігітке мықты продюсер болатын адам керек”, “Керемет орындауы. Даяшы боп қор болып жүр”, - деп жазды желі қолданушылары.