Дональд Трамп журналистке жыныстық қысым көрсеткені үшін кінәлі деп танылды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп журналистке жыныстық қысым көрсеткені үшін кінәлі деп танылып, жәбірленуші тарапқа 5 миллион доллар төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
BBC басылымының жазуынша, Азаматтық іс бойынша алқабилер соты Дональд Трампты журналист Элизабет Джин Кэрроллді жыныстық күш көрсетті және жала жапты деген айыппен кінәлі деп таныды. АҚШ-тың бұрынғы президенті жәбірленушіге 5 млн доллар төлеуге міндетті.
Айта кетейік, мұндай жағдай АҚШ президенттері тарихында ең алғаш рет болып отыр. Естеріңізде болса, қараша айында журналист әрі жазушы Элизабет Джин Кэрролл экс-президентті өзіне қорлық көрсетті және жала жапты деп сотқа берген болатын.