Допинг дауы: Зүлфия Чиншанло 8 жылға спорттан шеттетілді
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Қазақстандық зілтемірші Зүлфия Чиншанло 8 жылға спорттан шеттетілді. Ол допингке қарсы ережелерді тағы бұзған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
El.kz жазуынша, оның қан құрамынан «Метандиенон» стероид табылған.
Спортшы қыз осымен екінші рет ереже бұзды. Бұған дейін ол допинг үшін 7 жыл бұрын шеттетілген болатын. WADA 2012 жылғы Лондон олимпиадасының нәтижелерін қайта тексерген кезде Чиншанлоның допинг қолданғанын анықтады. Ол кезде спортшы «Оксандролон» мен «Станозолол» қолданған еді.