Friday, 26 April,2024

"Дорожник атауына Көкмайсаның не қатысы бар?" Алматы әкімін Кеңес Одағын аңсаған шалдар састырды

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Алматы әкімі Ерболат Досаевты Жетісу ауданындағы тұрғындар састырды. Олар қазақшаланған ықшам ауданды ескі орысша атауына қайтаруды сұраған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ерболат Досаев бүгін Жетісу ауданы жұртшылығымен кездесті. Сұрақ-жауап кезінде тұрғындардың бірі ықшам аудан атауына байланысты біртүрлі сауал қойды. Тіпті қазіргі қазақша атаудың мағынасыз екенін алға тартқан.

"Дорожник шағын ауданын қай негізде Көкмайса деп аталғанын түсіне алмаймын. Мұның біздің шағын ауданға қандай қатысы бар? Дорожник бүкіл Кеңес Одағында дүркіреді. Ашкөздер біздің министр Леонид Гончаровты отырғызғысы келді. Олар Брежневке шағымданды. Ықшам аудан атауы сол министріміздің естелігі іспетті", - дейді зейнеткер.

Қарт кісінің сұрағынан қала әкімінің түрі бұзылып кетті. Ол тіпті әлгі тұрғынның сұрағына қол соққандарды да сынға алған.

"Жақсы, ата, қабыл алдым. Бірақ дәл осы жерде қол соққандардың Кеңес Одағын аңсап отырғанын түсінгендеймін. Әрі кімдердің шапалақтағанын анық көрдім. Мен бұл ұсыныспен келісе алмаймын. Бір-бірімізге құрметпен қарайық", - деп жауап берген әкім.

Ұсынылатын