Friday, 22 November,2024

Дос Көшім: “Назарбаев кетіп, Тоқаев келгеннен ешнәрсе өзгерген жоқ”

Uaqyt.info
Фото Коллаж/uaqyt.info

Белгілі саясаттанушы Дос Көшім елдегі саяси ахуалға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Дос Көшім Uaqyt.info тілшісіне жіберген хатында айтты. Саясаттанушы Нұрсұлтан Назарбаев билікті тапсырғанымен, жүйе өзгерген жоқ дейді.

“Тоқаев келгеннен кейін ойлады-ау дим “халық тек қана Назарбаевқа, Назарбаевтың қасындағы адамдарға, туған-туыстарына қарсы” деп. 162 олигархты жинап алды, соның ішінде тек екі-үшеуі ғана фамилиясы жағынан Назарбаевқа қатысы бар шығар. Бірақ барлығы сол жүйеде отыр. Соның ішінде тек қана Назарбаевқа байланысты мәселелер, соларды қуғындау, соларды қасындағы достарымен қамау, болды. Ал басқалары сол жерде жүр. Жүйе өзгерген жоқ”, - деді Дос Көшім.

Дос Көшім Серік Күдебаевқа қатысты да пікір білдірді.

“Күдебаев ұсталып, оны сотқа алып келетін болса – ол бір-ақ нәрсе. “Мемлекеттік төңкеріс” деген идеяны, гипотизаны бізге ұсынып отыр. Жан-жағынан, неше түрлі мәселе жазды. Керек десеңіз, Мәсімовтің үйінен қыруар доллар табылды дегенді айтты. Бізде ҰҚК-нің бастығы тұрмақ, аудандағы білім басқармасының есепшісі үйінде ақша ұстамайды. Ондай ақымақ қазір жоқ. Олардың барлығы офшорға жіберіп, ақшаны баяғыда тығатын жеріне тығып қойған.

Осының барлығы тек бір-ақ нәрсе. “Халық алаңға шыққан жоқ, Қаңтар оқиғасы - бұл мемлекеттік төңкеріс” деген идеяны барынша санаға сіңіру. Енді осының ішіне әкеліп Күдебаевты қосады. Ал басқаларын ұстап қажеті жоқ. Өйткені олардың ішінде өздері де бар. Халықтың ақшасын жегендердің ішінде президент те бар. Тоқаев керек десеңіздер, үш жыл бойы премьер-министр болды ғой. Не өзгертті? Не істеді? Сондықтан бұрынғы билік сол күйі қалды. Тек Жаңа Қазақстан, еститін Үкімет деген ұрандар пайда болды”, - деді саясаттанушы.

Uaqyt.info Серік Күдебаевтың ұсталғаны туралы бұған дейін бірнеше материал жазды.

 

Ұсынылатын