Sunday, 24 November,2024

Досаев өрттен қаза тапқандардың жақындарына 1 млн теңгеден берді

Uaqyt.info
Фото

Алматыда хостелде өрт кезінде қаза тапқан Қазақстан азаматтарының туыстарына 1 млн теңге көлемінде көмек беріледі. Бұл туралы Алмалы ауданының әкімі Айдар Жақыбаев айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

«Қала басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша өрт кезінде қаза тапқандардың отбасыларына 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек бөлінеді. Бұған дейін хабарланғандай, Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша әкімдік қаза тапқандардың денелерін туыстары көрсеткен жерге, оның ішінде еліміздің басқа өңірлеріне тасымалдауға көмектеседі. Одан бөлек, Алматы қаласы аумағында жерлеу рәсімін ұйымдастыруға толық көмек көрсетіледі», – деді Айдар Жақыбаев.

Ұсынылатын