Sunday, 8 December,2024

“Досымның қасына жерлеңдер”. Қайтыс болған оқушының досы асылып қалды

Uaqyt.info
Фото pixabay

Алматы облысының Кеген ауданындағы Саты ауылында қайтыс болған 10-сынып оқушысының досы өз-өзіне қол салды. Ол өлер алдын “Досымның қасына жерлеңдер” деп хат қалдырған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы журналист Ирина Советжанқызы өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

“Кеше Алматы облысы, Кеген ауданы, Саты ауылында 10-сынып оқушысы қайтыс болғанын, күдікті ретінде 11-сынып оқушысы қамауға алынғанын айтқан едік. Бүгін ауыл тұрғындары қайтыс болған баланың досы туралы да қаралы хабар естіген. Хатында өзін “мені досымның қасына жерлеңдер” - деп жазған. Сатылықтар, кеше ғана досының жерлеу рәсімі кезінде көмектесіп, жүгіріп жүрген бала еді дейді. “Күдікті бала, яғни 10 сынып оқушысын өлтірді деген айыппен қамауға алынған бала үйқамаққа шығарылды деген еді, сол себеп болмады ма екен?” Бүгін қаралы үйге көңіл айта берген елдің осындай күдігі бар екен. Төбелес кезінде куә болған он шақты баладан сұрау алған кезде қысым болмады ма екен? Қайтыс болған екі бала да жақын достар, және бір біріне туыс болып келеді екен. Алақандай ауыл бейбіт күнде екі бірдей баласынан айырылды. Бұл жағдайдың түпкі себебі жіті тексерілуі керек”, - деп жазды Ирина Советжанқызы.

Ұсынылатын