- Басты жаңалықтар
- Шоу-бизнес
- “Дұғада болыңыздар”. Денсаулығы сыр берген Аша Матай елді алаңдатып қойды
“Дұғада болыңыздар”. Денсаулығы сыр берген Аша Матай елді алаңдатып қойды
Uaqyt.info

Танымал тележүргізуші Аша Матай денсаулығының сыр бергенін айтып әлеуметтік желіде жазба қалдырды. Ол бір күнде екі ре жедел жәрдем шақыртқан, деп хабарлайды Uaqyt.info.
"Үш айлық күйзеліс пен бес күндік қан қысымының көтеріліп-түсуінің нәтижесі. Жедел жәрдем қызметкерлеріне рахмет. Бір күнде екі рет шақырттым. Қан қысымым түсіп кете береді. Мен үшін дұға етіп қойыңыздаршы. Бұл үш айлық стресс пен бес күндік қан қысымының ретсіздігінің нәтижесі болды. Көптеген қан талдауы мен уколды біраздан бері көрмеп едім. Әлсіредім. Бірақ рухым құламайды. Менің оған құқығым жоқ. Өйткені, балаларым бар. Оларға дені сау, бақытты ана керек", - деп жазды Аша Матай.