Дүкендегі жанжал: Қарағандыда ер адам жасөспірімге пышақ сұғып алды
Қарағандыдағы дүкендердің бірінде кәмелетке толмаған бала зардап шекті. Полицейлердің айтуынша, күдікті кассада кезекте тұрғанда шу шығарып, тұрған екі баланың біріне пышақ сұғып алған. Соның салдарынан бала аурухана түсіп, қашып кеткен қаскөй көп ұзамай ұсталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
"Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы екі жас жігіттің сауда орнында болғанын анықтады. Осы жерде олар мен бейтаныс ер адамның арасында жанжал шығып, сол кезде ер адам жігіттердің бірін пышақтап, қашып кеткен. Жәбірленуші емдеу мекемесіне жатқызылды. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 53 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады, бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, тергеу жүріп жатыр", - делінген хабарламада.