Saturday, 5 October,2024

Дулат Тастекей: “Шығындардың табыстан асуы – кедейліктің формуласы”

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Белгілі меценат Дулат Тастекей қарызға белшесінен батқан адамдардың неліктен несиеге қайта оралатынына тоқталды. Ол кедейлікке алып келетін формулалармен бөлісті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Меценат көтерген мәселенің бірі – қазақтың тойына қатысты. Дулат Тастекейдің айтуынша, көп адам жағдайы жетпесе де, қарыз алып, той жасауға құштар.

Қазақтың тойы - ерекше процесс қой. Қонақтар конвертпен, ақшамен келеді. Егер тойды ұйымдастыруға кеткен қаражат келетін қаражатпен тепе-тең түссе, той жасауға болатын шығар. Ал тыраштанып жасаған той одан сайын шығынға батырса, ондай тойды жасамау керек. Көрсеқызарлықпен телефонды, гаджетті, киімді, тіпті азық-түлікті кредитке алады. Неге? Өйткені, өзінің қаражатын басқа нәрселерге жұмсап, тұтынушылық қарызға белшесінен батады. Ондай адамның номиналды табысы болғанымен, оның табысы шығындарынан аспайды”, - дейді Дулат Тастекей.

Кәсіпкер табыстың шығындардан көп болуы – байлықтың, шығындардың табыстан асуы – кедейліктің формуласы екенін айтады.

“Егер адам өзінің шығынын азайтып, табысын мен біліктілігін арттыруға қадам жасаса, жағдайын жақсарта алады. Біз осыны мемлекет шешетін мәселе ретінде қарастырамыз, шын мәнісінде, бұл – әрбір адамның жеке таңдауы. Осыдан бірнеше жыл бұрын халықтың несиелерін кешірген сәттер болды. Ал несиесі кешірілген адамдар, қарызын жаба сала, басқасын алды”, - деді меценат.

Ұсынылатын