Saturday, 23 November,2024

Дүлей дауылдың кесірінен Түркістан облысындағы екі аудан жарықсыз қалды

Uaqyt.info
Фото pixabay

Түркістан облысында ұйтқыған желден Бәйдібек пен Сауран аудандары жарықсыз отыр. Ал Кентауда барлық білім мекемелері онлайн оқуға көшірілген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Облыстық ТЖД мәліметінше, жарықсыз қалған екі мыңнан астам абонентті электр желісіне қосу үшін 48 адам мен 4 техника жұмылдырылған. Қазір табиғи апатқа байланысты өңірде жедел штаб құрылып, арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.

Қатты желге байланысты Кентаудағы білім ошақтары қашықтан оқуға көшіп, ірі базарлар мен халық көп шоғырланатын нысандардың жұмысына шектеу қойылған.

Әзірге Сайрам, Сауран, Бәйдібек, Отырар, Ордабасы, Төлеби, Түлкібас, Созақ аудандары мен Түркістан, Кентау, Арыс қалаларында желдің екпіні әлі басылар емес.

Ұсынылатын