Friday, 22 November,2024

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 пандемиясы ресми түрде аяқталғанын хабарлады

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлем халқын ұзақ әбігерге салған коронавирус пандемиясының ресми түрде аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

3 жылдан аса уақытқа созылған пандемия аяқталды. Ұйым бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус ресми түрде COVID-19 мәртебесі жойылғанын хабарлады.

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі сарапшылық комитеті маған пандемиядан "төтенше жағдай" мәртебесін алып тастауды ұсынды. Мен бұл кеңесті құп көріп, пандемияның аяқталғаны туралы жариялаймын", - деді ол.

Дей тұрғанымен ұйым бас директоры вирус толықтай жойылған жоқ дегенді де айта кетті. Сөзінше қауіп әлі сейілмеген. Тек пандемия мәртебесі ғана алынып отыр. Сондықтан ол барынша халыққа қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертіп отыр.

Ұйым дерегінше пандемия басталғалы әлем бойынша 20 миллионнан аса адам көз жұмған. Ал Қазақстанда 14 мыңға жуық жан осы вирустан қайтыс болды.

Ұсынылатын