"Дүрбелеңге түспеңіздер!" Алматыда тағы жер сілкінді
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
Алматыда қуаты екі балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Алматыда 22 ақпанда сағат 00:26-да жер сілкінісі болды
Сейсмикалық стансалар желісінің дерегінше, жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 260 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
Алматыда 2 балл жер сілкінісі сезілген.
Жағдай тұрақты. ТЖМ азаматтарға сабырлы болуға және дүрбелеңге түспеуге кеңес береді.