Saturday, 23 November,2024

“Дұрыс адам ба?” Мейрамбек Бесбаев әу баста енесінің өзіне күмәнмен қарағанын айтты

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Белгілі әнші Мейрамбек Бесбаев үйленген кезінде енесінің өзіне күмәнмен қарағанын жеткізді. Ол бұл туралы  “Ұйқым келмейді” бағдарламасында айтты. Әншінің айтуынша, биыл Мархабатпен отау құрғанына 20 жыл толған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Биыл отбасы құрғанымызға 20 жыл толады. Мархабат мені таныған жоқ. Орысша сөйлеп, орысша тәрбиеленген екен. Үйленгеннен кейін қазақша сөйлеп, қазақы ортағы сіңіп кетті. 18 жасқа толғанын күтіп, шаңырақ көтердік. Жастық кезең ешқашан ұмытылмайды. Үйленетін күні ұшып келдім Астанадан. 2004 жыл, 8 шілде – үйленген күніміз. Ол кезде тойға үлгермей қаламын деген ой жоқ. Той-томалық, концерттерден қалмаймыз. Бір күнге бас тарту да ойға келмепті. Енем менің қызына деген сезіміме сенбеген. “Қызымның жасы 17-де, алайын деп тұрған адамы – әртіс. Тойы болатын уақытта ұшып-қонып жүр. Сенім артуға болатын дұрыс адам ба?” деп сұрапты. Қазір енемнің сүйікті күйеу баласымын. Мархабатқа да ризамын, – деді Мейрамбек Бесбаев.

Ұсынылатын