- Басты жаңалықтар
- Әлем
- Дұрыс шешім бе? Енді ерлердің көп әйел алуына, қыз-келіншектердің бетін бүркеп жүруіне тиым салынады
Дұрыс шешім бе? Енді ерлердің көп әйел алуына, қыз-келіншектердің бетін бүркеп жүруіне тиым салынады
Өзбекстан билігі жаңа заң жобасын қабылдады. Қылмыстық кодекс және әкімшілік жауапкершілік заңына енгізілген түзетулер енді күшіне енбек. Яғни бұйрыққа сай елде енді көп әйел алу немесе қыз-келіншектердің бетін беркеп жүруіне тиым салынады. Тіпті заңмен жазалау да қарастырылған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Мәжілістің заң шығару палатасының депутаттары заң жобасын қабылдады. Екі және одан да көп әйелмен бірге тұруды насихаттау, әйелдер мен ерлердің тең құқықтарын ашық түрде жоққа шығару үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Депутаттар қабылданып жатқан шараларға қарамастан, Өзбекстанда діни рәсімдер бойынша жасалатын некелер саны артып келе жатқанын, осыған байланысты көп әйел алу жағдайларының да күрт көбеюі байқалғанын атап өтті. Елде көп әйел алуды және оның "артықшылықтарын"насихаттау қарқын алуда. Нәтижесінде некесіз туылған балалардың саны да өскен. Бұл заң осы мақсатта жұмыс істейді.
Сонымен қатар, депутаттар қоғамдық орындарда "азаматтардың жеке басын сәйкестендіруге мүмкіндік бермейтін киім" кигені үшін әкімшілік жауапкершілік шарасын енгізді. Яғни әйелдерге бетін бүркеп жүруге тиым салынбақ.