Saturday, 27 July,2024

Екі адам қаза тапты: Павлодар облысында автобус жер астына түсіп кетті

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы «Майқайың-алтын» АҚ шахтасының жанында топырақ опырылып, төрт жолаушысы бар автобус 150 метрлік тереңдікке құлады. Құтқарушылар екі адамның мәйітін тапты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

«ТЖД құтқарушылары қаза тапқан екі адамның денесін құмнан тапты. Оларды жер бетіне көтеру жұмыстары жүргізілуде. Автобус табылған жоқ, оны іздеп жатырмыз» деп түсіндірді кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің республикалық орталық штабынан.

Штаб өкілдері қаза тапқандардың отбасыларына тиісті көмек көрсетілетінін жеткізіп отыр. Қазір оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасуда.

Ұсынылатын