Екі адам қаза тапты: Қарағандыда пойыз бен көлік соқтығысты
Қарағандыда жеңіл көлік пойыздың астына түсіп, соның салдарынан екі жолаушы қаза тапты. Тағы үш адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға түскен, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты 21 қаңтарда болған.
"31 жастағы "Лада Приора" автокөлігінің жүргізушісі Саран тас жолымен Костенко шахтасы жағынан “Тойота орталығына" қарай келе жатып, реттелетін теміржол өткелінде жабық шлагбаумды айналып өтіп, тепловоз жүріп бара жатқан теміржол өткеліне шығып кеткен. Апат салдарынан автокөліктің екі жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Автокөліктің жүргізушісі және тағы үш жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді", - деді баспасөз қызметіндегілер.
Қазір осы дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.