Friday, 22 November,2024

“Екі балам шетінеп кетті”. Мақпал Жүнісова қиын тағдыры туралы айтты

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Белгілі әнші Мақпал Жүнісова асырап алған қызы Мерейдің алдында екі баласының шетінеп кеткенін айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы inbusiness.kz сайты жазды. Онда әнші қызына қатысты біраз шындықтың бетін ашып, қалай асырап алғанына тоқталған.

“Менде екі бала шетінеп кетті. Денсаулығым нашарлағаннан кейін, бір баланы асырап алайын деп жүргенбіз. Басқа жерден асырап алайын деп жүргенде, келінім үшінші қызды туады. Осы кезде Зәкең: "Екі қызы бар ғой. Үшінші қызды бізге берсе, қалай болады" деді. Мен "Бермейтін шығар. Тоғыз ай толғатқан бауырындағы баланы қалай бере салады" дедім. Бірақ, Зәкең бірден ұшып кетті. Екеуіміз ұшып барып, шешемнің, келінімнің алдынан өтіп, "Мақпал да бақытты болсын, айналайындар. Осы қызды бізге беріңдер. Артынан құт болып, осы қыздың артынан келін бірден ұл туады" деді. Қазақтың ырымы ғой сол. Менің анам Зәкеңді қатты сыйлайды. Анам "Иә" деді. Анам көзіне жас келіп "Мақпалым-ай, Мақпалым, бақытты болсыншы. Берейік. Сендердің қолдарыңда жаман қыз болмас" деп ақ батасын берді. Содан біз Мерейімізді перзентханадан алдық. Сол кезде Зәкең маған айтпай, құжаттарды бірден Қарағандыда жасатып алып кетті. Шынымен, құтты қыз болды. Артынан екі бауыры дүниеге келді. Екі әпкесі, екі інісі бар", — деді Мақпал Жүнісова.

Сондай-ақ Мақпал Жүнісова Мерейдің тегін ауытырмайтынын, асырап алса да өгей әкесін жақсы көретінін жеткізген.

Uaqyt.info бұған дейін Қайрат Нұрқаділов пен Мерей Заманбекқызының қарым-қатынасы туралы жазған болатын.

Ұсынылатын