Saturday, 23 November,2024

Екі баласын буындырып өлтірген әйелге қатысты тың дерек шықты

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Қарағанды облысында екі баласын тұншықтырып өлтірген әйелдің қылмысқа не себепті барғаны белгілі болды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Белгілі болғандай, жауыз әйел балаларын тамақ сұрай бергені үшін өлтірген. Екі қызын буындырып болғаннан кейін ол бірге тұратын серіктесін кешке дейін мәйіттердің қасында отырып күтеді.

Ер адам келген соң, ол оған балалардың өздіген өлгенін хабарлайды. Сол сәтте серігі үйге полиция шақыртады.

Келіншек тәртіп сақшыларына балалардың белгісіз заттан уланып өлгенін айтқан. Бірақ полицейлер ас үйді тінту барысында, тіске басар ешнәрсе таппаған. Қазіргі таңда күдікті әйел қамауда отыр.

Жантүршігерлік қылмыс туралы Uaqyt.info бұған дейін жазды.

Ұсынылатын