Saturday, 23 November,2024

Екі жасында сахна төрінде домбырамен ән салған бүлдіршін жұртты тәнті етті

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Интернетте көпшілік алдында домбырамен ән салған кішкентай баланың бейнежазбасы қызу талқылануда, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеодан кіп-кішкентай бүлдіршіннің сахна төрінде домбырамен ән шырқағанын көресіз. Ән әуеніне домбыраны дыңғырлатып үйлестіре шертіп отырғанын да байқауға болады.

Бейнежазбада бұл жағдайдың Қытайда болғаны жазылған. Яғни, бүлдіршін 2 жасында көпшілікті өз өнерімен тәнті еткен.

Желідегі жұрт та баланың әуезді әніне тоқтаусыз пікір жазуда.

"Қазақ болған түріңнен, әніңнен, домбыра тартқан қолыңнан айналдым". "Қазақтай ұлт әлемде жоқ". "Ботақанға сәттілік! Тіл көзден аман болсын". "Бәрекелді сары алтын ботақан, көп жаса", - деген жылы тілектерін қалдыруда желі қолданушылары.

Ұсынылатын