Friday, 22 November,2024

Екібастұзда 32 жастағы ер адамды атып кеткендер іздестіріліп жатыр

Uaqyt.info
Фото Polisia.kz

Павлодар облысында Екібастұз тұрғынын белгісіз біреулер атып кетті. Күдіктілер іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Telegram-дағы Polisia.kz арнасының хабарлауынша, оқыс жағдай 15 мамырда болған. Екібастұз қаласы ПБ кезекші бөліміне М.Жүсіп көшесіндегі медициналық орталықтың жанында әйел адам көмек сұрап жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. 

Аталған мекен-жайға дереу жедел-тергеу тобы жіберілді. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларынан жазбаларды алып, зерделеді. Белгісіз атыс қаруынан белгісіз адам Екібастұз қаласының 32 жастағы тұрғынына оқ атқаны анықталды. Ер адам ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

ҚК 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі 9-тармағы, 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Күдіктілердің бірі ұсталып, УҰИ-ға қамауға алынды. Екінші күдіктінің орналасқан жерін анықтау және оны ұстау бойынша жедел-іздестіру іс - шаралары жүргізіліп жатыр.

Ұсынылатын