Екібастұзда анасы 7 жасар қызын өлтірген
Екібастұзда 7 жасар қыздың өліміне қатысты анасы күдікке ілінді. Бұл туралы ІМ баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Естеріңізде болса, Uaqyt.info із-түссіз кеткен Милана Давыдова туралы жазған болатын. Полицейлер жедел іздестіру шаралары барысында, 2015 жылы туған қыздың денесін тапты.
Оның өліміне анасы мен оның танысы себеп болған. Өйткені олар барыншы қылмыс іздерін жасыруға тырысыпты. Қазіргі уақытта күдіктілер өз қылмыстарын толық мойындады.
“Кісі өлтіру фактісі бойынша ҚР ҚК 99-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Оқиға орнында мамандандырылған топ жұмыс істейді, Павлодар облысы ПД, прокуратура және Павлодар облысы әкімдігінің басшылықтары бар”, - делінген хабарламада.