Thursday, 19 September,2024

Екібастұзда өртенген газ құю бекетінде ер адамның денесі табылды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Екібастұздың автогаз құю бекетіндегі өрт сөндірілгенін мәлім етті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

«26 шілде сағат 13:24-те Екібастұз қаласы Қонаев, 5 көшесінде орналасқан АГҚБ газ құйылған 4 резервуар жанды. Сондай-ақ, оқиға орнында шамамен 40 газ баллон болған. Өрт жақын маңдағы «Феруза» азық-түлік дүкеніне өтіп, шамамен 200 шаршы метр аумақтағы шатыр, сондай-ақ 20 шаршы метр аумақтағы су мұнарасының шатыры өртенді. Сағат 15:22-де цистернаның жанынан жас ер адамның денесі табылды. Жеке басы анықталып жатыр. Өрт 15:00-де оқшаулауланып, 15:44-те сөндірілді. Оқиғаның мән-жайы анықталады. Жеке сектор жолдың арғы жағында 100 м астам қашықтықта орналасқан. Тұрғындарды эвакуациялау жүргізілген жоқ», - делінген департамент хабарламасында.

Ұсынылатын