Friday, 20 September,2024

Екібастұзда полиэтилен қапшықтан адамның қаңқасы табылды

Uaqyt.info
Фото Polisia.kz

Екібастұзда зират маңынан пакетке салынған адам сүйектері табылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Polisia.kz медиа-порталының жазуынша, полиэтилен қапшыққа салынған адам сүйектері 24 сәуірде табылған. Бұл дерек ҚК 99-бабы бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Сондай-ақ пакеттен марқұмның киімдері табылды. Әзірге мәйіттің кімге тиесілі екені белгісіз. Полиция қандай да бір ақпараты бар кез келген адамды төмендегі байланыс телефондары арқылы хабарлауды сұрайды:

Екібастұз қ. ПБ кезекші бөлімі: 8 (7187) 75-06-06, 75-05-54, 75-05-45. -Қылмыстық полиция бөлімі: 8-776-269-41-28, 8-775-334-57-95.

Немесе 102 телефоны бойынша.

Ұсынылатын