Екібастұзда тойған келген қонақтар жаппай астан уланып қалды
Екібастұзда тойға келген қонақтар жаппай астан уланды. Олардың барлығынан тамақтан улану және бактериалды-ішек инфекциялары белгілері анықталған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Екібастұз қалалық ауруханасына жалпы саны 32 адам шағым айтып келген.
«2024 жылғы 14 сәуірден бері Екібастұздағы қалалық ауруханаға пациенттер тамақтан улану және бактериалды-ішек инфекциялары белгілерімен жаппай келе бастаған. Олардың бойында құсу, әлсіздіктің дендеуі, іш құрылысының ауыруы, дене қызуының көтерілуі белгілері бар. Эпидемиологиялық анамнезді жиыстыра келгенде олардың барлығы 13 сәуір күні Екібастұз қаласындағы әлдебір дәмханада өткен шарада қонақ болғаны анықталды. Пациенттер қабылдау бөлімінде қаралудан өткен соң барлығына шұғыл түрде медициналық көмек көрсетіліп (асқазандары шайылды), жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылды. 14 сәуірден бері ауруханаға осындай диагнозбен жалпы саны 32 адам келген», - делінген ақпаратта.