Monday, 16 September,2024

Екібастұзда жедел жәрдем келем дегенше күйеуі әйелін өзі босандырып алды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Павлодар облысының Екібастұз қаласында ер кісі жедел жәрдем келгенше әйелін өзі босандырып алды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүкті әйелдің толғағы қысып, жедел жәрдем шақыртқан. Бірақ көлік келем дегенше, ер адам әйелін өзі босандырып алды. Мамандардың айтуынша, күйеуіне медицина қызметкерлері телефон арқылы кеңес беріп отырған. Қазіргі уақытта баланың да, ананың да жағдайы жақсы.

"103 пультіне жүкті әйелдің аяқ астынан толғағы басталғаны туралы хабарлама түсті. Біздің бригада жеделділіктің бірінші санаты бойынша шұғыл жіберілді. Олар көрсетілген мекенжайға 9 минутта жетті. Дейтұрғанмен осы уақыт ішінде жедел жәрдем диспетчері келіншектің жұбайына босандырудың барлық тәсілін телефон арқылы түсіндіріп отырған. Ер адам еш асып-саспастан оның нұсқауларын орындап, әйелін аман-есен босандырып алды. Қазір дүниеге келген ер бала мен оның анасының денсаулығы қалыпты. Олар перзентханаға жатқызылды", - делінген хабарламада.

Ұсынылатын