Екінші ұлын босанған атышулы блогер перзентханадан шықты
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Танымал блогер Айжан Байзақова перзентханадан шықты. Екінші рет тұрмысқа шыққан ол жақында ұл баланы дүниеге әкелген болатын, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Қуанышты жаңалығын блогер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Айта кетейік, Айжан Байзақова екінші рет тұрмысқа шыққаннан кейін ашық-шашық образынан бас тартқан болатын.
Оның бірінші күйеуінен Алан деген баласы бар. Әзірге екінші перзентіне қандай ат қойғанын ерлі-зайыпты ашып айтады. Ал желі қолданушылары өмір есігін жаңа ашқан балақайға түрлі пікір жазып жатыр.