- Басты жаңалықтар
 - Қоғам
 - Екпе алуды күшейту қажет - Әлихан Смайылов қызылша ауруына қатысты мәлімдеме жасады
 
Екпе алуды күшейту қажет - Әлихан Смайылов қызылша ауруына қатысты мәлімдеме жасады
                     Uaqyt.info 
                    
  
                    
  
                
                
                         Фото Ашық дереккөзден
                                                        Премьер-министр Әлихан Смайылов қызылша ауруына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
«Қызылша асқынып кетсе, балалардың денсаулықтарына аса қауіп төндіреді. Сондықтан онымен тек денсаулық сақтау жүйесі ғана емес, бүкіл қоғам болып күресуіміз қажет. Бала денсаулығы басты назарда болуға тиіс. Вакцина алудан басқа, мұндай қауіпті вируспен басқаша күресу мүмкін емес. Сондықтан екпе алуды күшейту қажет. Барлық әкім вакциналау мәселесін жеке бақылауда ұстап, Денсаулық сақтау министрлігімен бірге жұмысты үйлестіруі қажет» – деді Премьер-министр.
            


