Saturday, 23 November,2024

Экс-әкім Алик Айдарбаевқа іздеу жарияланды

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Қазақстан біріккен ММА федерациясы басшыларына іздеу жариялады. Себеп жиналып қалған берешек, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы федерация әлеуметтік парақшасында жазды. Онда өз басшылары Алик Айдарбаевты іздейтіндеріне тоқталған.

"Қазақстанның біріккен ММА федерациясының жаттықтырушылары мен спортшылары федерацияның іс басындағы президенті Алик Айдарбаевты іздейді. Алик Серікұлы, спортшылармен байланысқа шығуыңызды сұраймыз", - делінген федерацияның желідегі парақшасында.

Бұл жағдайға оның федерацияны басқарған уақыттағы жинақталып қалған 100 млн теңгеден астам салық берешегі себеп болуы мүмкін екені де айтылуда.

Әзірге министрлік бұл мәселеге үн қатқан жоқ.

Ұсынылатын