Friday, 17 May,2024

Ахметжан Есімов әнші Серікбол Сайлаубектің тойында ән салды

Uaqyt.info
Фото

Әнші Серікбол Сайлаубек екінші рет шаңырақ көтерді. Әншінің тойында экс-әкім Ахметжан Есімов ән салған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы әншінің таныстары әлеуметтік желіде жарыса жазды. Той тізгінін ұстаған асаба тойда экс-әкімнің ән салғанына тоқталды. Ахметжан Есімов әнші Сәкен Майғазиевпен бірге дуэт орындады.

“Қандай керемет көрініс. Ән өнерінің қазіргі хан тәңірі, елдің ардақты, асыл азаматы, тізгін ұстаған ел ағасы Ахметжан Есімовпен жанды дауыста ән шырқады", – деп жазды тамада.

Айта кетейік, той мамыр айының басында болған.

Ұсынылатын