Saturday, 23 November,2024

Экс-депутат Нұржан Әлтаев 10 жылға сотталды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Пара алды деп айыпталған бұрынғы депутат Нұржан Әлтаевқа сот үкімі шықты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Астана соты бұрынғы мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаевті 10 жылға соттады. Ол аса ірі көлемде пара алды деп айыпталған болатын. Соттың мәліметінше, 2018 жылдың ақпанынан 2020 жылдың шілдесіне дейін "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының мүддесін қорғау үшін делдал арқылы  жалпы сомасы 115 мың АҚШ доллары және 8 миллион теңге көлемінде пара алған. Айта кетейік, бұған дейін мемлекеттік айыптаушы күдіктіге 12 жыл жаза сұраған болатын.

“Айыпталушының кінәсі куәлардың айғақтарымен, ұялы телефон арқылы хат алмасумен, жасырын тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен, сараптама қорытындыларымен, заттай дәлелдемелермен дәлелденді”, – делінген сот шешімінде.

Ұсынылатын