Экс-министр әйелін порнографиялық видеоларға түсуге мәжбүрлеген
31 жастағы Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы Астанада өтіп жатыр. Мемлекеттік айыптаушы күдіктінің марқұм әйеліне қорлық көрсеткенін жіпке тізді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Прокурордың айтуынша, күдікті Салтанат Нүкенованы үнемі аңдып, телефондағы жазбалары мен әлеуметтік желідегі парақшасын үнемі тексеріп отырған. Құрбы-құрдастарымен араласуға тыйым салып, жұмыс істеуіне түбегейлі қарсылық танытқан. Тіпті порнографиялық видеоларды көрсетіп, “Мынау сен емессің бе?” деп сұрайтын болған.
Сорақысы сол – таяқталған әйелі шу шығармас үшін Салтанат Нүкенованы жалаңаш күйде порнографиялық видеоға түсуге мәжбүрлеген.
Сондай-ақ Айжан Аймағанбетова Қуандық Бишімбаевтың әйелін тепкінің астына алғанын, соның салдарынан келіншектің көз жұмғанын тергеу нұсқасы бойынша айтып берді.
Uaqyt.info бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың өз қылмысын мойындамайтыны туралы жазған болатын.