Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлыға қатысты сот үкімі шықты
Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы мен оның әйеліне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Қазақстанның бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы аса ірі көлемде пара алуға оқталды деген айыппен 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Астана қалалық соты хабарлады. Ол аса ірі көлемде пара алды айыпталып отыр. Сондай-ақ пара алуда делдал болған экс-минитсрдің әйелі 6 айға сотталса, адвокат Мұстахим Тулеев 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.
“Сот үкімімен М. аса ірі мөлшерде пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылып, ҚК-нің 58-бабының 3 және 6-бөліктері негізінде 20.06.2023 жылғы Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен тағайындалған қатаң жазаны неғұрлым қатаң жазаға айналдыру жолымен қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға тыйым салына отырып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Ы. парақорлыққа делдалдық жасағаны үшін кінәлі деп танылып (ҚК 368-бабының 1-бөлігі) өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым салынып, 6 айға бас бостандығынан айырылды. Т. аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып (ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы), 10 жыл мерзімге адвокаттық қызметпен айналысу құқығынан айырыла отырып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды”, - деп жазылған Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мәліметінде.