Ел қоржынына оныншы алтын медаль түсті
Алмас Абылай
Фото Ұлттық олимпиада комитеті
Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық спортшылар алтын санын онға жеткізді. Бүгін каратеші қызымыз Софья Берульцева жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Туризм және спорт министрлігі дерегіне сүйенсек, әйелдер арасында +68 кг салмақтағы финалдық жекпе-жекте Софья мен Арика Гурунг (Непал) күш сынасқан.
Кездесу басынан белсенді қимылдаған Берульцева қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ. Қазақстандық спортшы 3-0 есебімен айқын жеңіске жетті.
“Азия ойындарына алтын медаль алу үшін келдім. Жоспар орындалды. Бұл біздің команданың жеңісі”,- деп Азия ойындарының чемпионы София Берульцова финалдық жекпе-жегінен кейін өз эмоциясымен бөлісті.