Monday, 16 September,2024

Ел Үкіметі Қытаймен арадағы визасыз режим туралы келісімді бекітті

Алмас Абылай
Фото Айкын

Қазақстан Үкіметі Қытаймен арадағы визасыз режим келісімін бекітті. Құжат 26 шілдедегі № 612 қаулысына сәйкес қабылданып отыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Екі ел арасындағы визасыз режим туралы келісімнің бекітілгенін ҚазАқпарат жазды. Ондағы дерекке сүйенсек, енді екі ел азаматтары белгілі талаптар сақталған жағдайда мемлекет шекарасын визасын кесіп өте алады.

"Тараптар уағдаласқан келісімнің 2-бабына сәйкес, екі ел азаматтары іскерлік мақсатпен, жұмыс бабымен, жеке іспен, емделуге немесе турист ретінде барған жағдайда визалық талаптар алынып тасталды. Мемлекеттік шекараны кесіп өткен сәттен бастап 30 күннен аспайтын кезеңге ел аумағында бола алады. Егер уағдаласушы елдердің азаматтары келісімнің 2-бабы 1-і тармағында көзделген яғни мемлекетке барудағы мақсаты мен мерзімі сәйкес келмеген жағдайда алдына ала визаға өтініш беруі тиіс", - делінген ресми құжатта.

Қазақстан азаматтарынан талап етілетін құжаттар:

- Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

- Қазақстан Республикасына қайтып оралу туралы куәлік.

Қытай азаматтарынан сұралатын құжаттар:

- Қытай Халық Республикасы азаматының жартылай қызметтік паспорты;

- Қытай Халық Республикасы азаматының паспорты;

- Қытай Халық Республикасының уақытша жол жүру құжаты.

Ұсынылатын