Thursday, 19 September,2024

Елдегі 4 ұлттық университеттің ректорын енді Үкімет тағайындайды

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Елдегі 4 ұлттық университеттің ректорын енді Үкімет тағайындап, босату мүмкіндігіне ие болды. Мәдениет және спорт министрі "Бірінші басшыларын ҚР Үкіметі лауазымға тағайындайтын және босататын мемлекеттік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы" бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Яғни ол мына оқу орындары:

- Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының басшысын;

- Қазақ ұлттық өнер университетінің басшысын;

- Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының басшысын;

- Қазақ ұлттық хореография академиясының басшысын.

Айта кетейік, бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан 10 күн өтіп барып, 5 тамызда күшіне енеді.

Ұсынылатын