Saturday, 23 November,2024

Елді сан соқтырған қаржы пирамидасының басшысы Украинадан экстрадицияланды

Uaqyt.info
Фото

"LIDER" қаржы пирамидасын басқарды деген күдікпен іздеуде жүрген ер адам Украинадан Қазақстанға экстрадицияланды. Оның басқарған компаниясы адамдардың 1,2 млрд теңгесін қолды қылған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады. Мәліметке сүйенсек ол 2017-2019 жылдар аралығында бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында жалған жобаларға азаматтардың ақшалай салымдарын тартудың заңсыз схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінген. Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде зардап шеккен 240-тан астам азаматқа 1,2 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген

“2023 жылдың тамыз айында күдіктіні Украинаның құқық қорғау органдары ұстады. Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады.

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. Жоғарыда аталған қылмыстарды жасағаны үшін оған 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін”, - делінген хабарламада.

 

Ұсынылатын